PRO JAS
Академия
Клуб туралы
История

«AQTÓBE» хоккей клубы

Хоккей клубы «AQTÓBE» 2019 жылы құрылды. Алғашқы маусымында (2019-2020) команда 8-ші орынды иеленді. Клубтың ең крупный жетістігі — 2021-2022 маусымында Қазақстан Кубогының финалына шығуы, бірақ қарағандылық «Сарыарқаға» жеңіліп қалды. Соңғы маусымдарда команда чемпионатта 5-6-ші орындарды иеленіп, регулярлы плей-оффқа шықты. Алайда 2025-2026 маусымында 9-шы орынды иеленіп, плей-оффқа шыға алмады.

«AQTÓBE» хоккей клубы

Құрылған жылы – 2019

Жастар командасы құрылғаннан кейін бір жылдан соң ересектер командасын құру туралы шешім қабылданды.


Жетістіктер:

  • 2021-2022 маусымдағы Қазақстан Кубогының финалисті

Алғашқы маусымында команда плей-оффқа жолдама алып, Қазақстан Республикасының 2019-2020 маусымының Ашық чемпионатының қорытындысы бойынша 8-ші орынды иеленді.

Келесі маусымда (2020-2021) «ақ-қызылдар» тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша 9-шы орынды иеленіп, плей-оффқа жолдама ала алмады.

  • 2021-2022 маусымында «AQTÓBE» тұрақты чемпионатта 6-шы орынды иеленді. Ал ширек финалда ақтөбеліктер атыраулық «Бейбарыстан» жеңіліп қалды.

Сол маусымда ақтөбеліктер Қазақстан Кубогының финалына шығып, қарағандылық «Сарыарқа» командасына жол берді.

  • 2022-2023 маусымында «AQTÓBE» тағы да тұрақты чемпионатта 6-шы орынды иеленді. Ал ширек финалда ақтөбеліктер тағы да сол атыраулық «Бейбарыстан» жеңіліп қалды.
  • 2023-2024 маусымында «AQTÓBE» тұрақты чемпионатта 5-орынды иеленді. Ал плей-оффта команда жартылай финалға шықты. Үшінші орын үшін өткен кездесуде ақтөбеліктер қарағандылық «Сарыарқа» командасына жеңіліп қалды.

Сол маусымда команда Қазақстан Кубогының жартылай финалына шығып, көкшетаулық «Арланнан» жеңіліп қалды.

  • 2024-2025 маусымында команда тұрақты кезеңде 7-ші орынды иеленді. Плей-офф сериясының ширек финалында Өскеменнің «Торпедосынан» жеңілді.
  • 2025-2026 маусымында «AQTÓBE», өкінішке қарай, тұрақты чемпионатта 9-шы орынды иеленді және плей-оффқа шыға алмады.