«AQTÓBE» жастар хоккей командасы (ЖХК)
2018 жылы құрылды
2018 жылы Ақтөбе облысының әкімдігі мен Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының бастамасымен «AQTÓBE» жастар командасы құрылды.
Өзінің алғашқы маусымында (2018-2019) команда 36 матчта бірде-бір жеңіліске ұшырамай, бірден чемпион атанды. 106 ұпай жинады. 279 шайба соғылды, 55 шайба өткізілді.
Жетістіктер:
- 2018-2019 маусымының «JASTAR» ҚЖЛ чемпионы
- 2019-2020 маусымының «JASTAR» ҚЖЛ күміс жүлдегері
- 2019 жылғы «JASTAR» қысқы турнирінің жеңімпазы
- 2020 жылғы «JASTAR» көктемгі турнирінің жеңімпазы
- 2022-2023 жылдардағы «JASTAR» ҚЖЛ маусымының қола жүлдегері
- 2024-2025 жылдардағы «JASTAR» ҚЖЛ күміс жүлдегері
Маусымдар бойынша өндіктері
2019-2020 маусымында жастар тек елордалық «Барысқа» жол беріп, 2-ші орынды иеленді.
2020-2021 маусымына команда қатыспады
- 2021-2022 маусымында «AQTÓBE» жастары тұрақты чемпионатта 5-орынды иеленді. Ал плей-офф сериясында жартылай финалға шықты.
- 2022-2023 маусымында - тұрақты чемпионатта 3-орын. Плей-офф сериясында команда қола медальға ие болды.
- 2023-2024 маусымы - тұрақты маусымда 4-ші орын, плей-оффта жартылай финалға шықты.
- 2024-2025 маусымында команда тұрақты маусымның қорытындысы бойынша 3-ші орынға ие болды. Плей-оффта финалға шығып, елордалық «Астанаға» жол берді.
- 2025-2026 маусымында - тұрақты чемпионатта 3-ші орын. Плей-офф сериясында ширек финалға шықты